FAQ

Қиын қашықтықтарды көңілді деп айта алмайсың! ЯРКОкросс жүгірісінің ұзындығы 5 километрге дейін. Уақыт шектеусіз, сіздерге арнайы жасалған шаттыққа толы әлемге хош келдіңіздер!

Әрине. ЯРКОкросс жүгірісінде жеңіске жеткен немесе жеңілгендер болмайды. Басты мақсат – мәре сызығына түсті бояуларға боянып жету.

Ол үшін сізге сайтымыздың басты бетінде «кіру/тіркелу» батырмасын басу қажет. Қатысушының жинағын онлайн немесе қатысушының жинағын алып кету сауда орнында төлей аласыз.

Есте қаларлық ұмытылмас сәттерге қоса, қатысушы жинағын, яғни футболка, эко-рюкзак, қатысушы нөмірін және біздің Серіктестерімізден ұнамды тосын сыйлар ала аласыздар.

ЯРКОкросс жүгірісі – қайырымдылық марафон. Билеттерді сатудан жиналған қаржы экологиялық проектілерді жүзеге асыруға жұмсалады. 

ЯРКОкросс жүгірісіне қолданылатын түрлі-түсті пудра экологиялық таза әрі қауіпсіз материалдардан жасалған. Біз өндірістің әр сатысын қадағалаймыз. Аса сезімтал адамдарға көздерін қорғайтын көзілдірік және ауыздарына краска кірмеу үшін беттеріне маска киюлерін ұсынамыз.

Әрине. Жүгіріске қатысу 7 жасқа толмаған балалар үшін тегін бірақ оларға қатысушы жинағы берілмейді.

Өкінішке орай болмайды, бірақ сіз өзіңіздің билетіңізді жүгіріске бір апта уақыт қалғанға дейін басқа адамға бере аласыз. Ол үшін бізге электрондық пошта немесе сайтта көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласуыңыз қажет.

Сізді еріктілер қатарынан көруге қуанамыз. Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген нөмір +7 727 328 25 34 арқылы хабарласыңыз.

Күмәнсіз! Сандық фотоапаратыңыз үшін  түрлі-түсті пудрадан қорғайтын пластикалық қаптама алуды ұмытпаңыз. Біз кәсіпқой суретшілерге жүгірісті суретке түсіруге рұқсат береміз. Бірақ біздің шартымыз ЯРКОкросс жүгірісінде жасалған суреттер автордың жазбаша келісім берілсе де берілмей де біздің жарнамаларымызда қолданыла алады.